28 ақпан күні Ораз Сарғұнанов атындағы орта мектепте, Мақат аудандық білім беру бөлімінің ұйымдастыруымен, Ұлы Отан соғысы Жеңісінің 74 жылдығына және Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне 27 жыл толуына арналған «Айбын» әскери-спорттық аудандық сайысы өтті.
Оған Мұса Баймұханов атындағы орта мектебімізден қатысқан 9-10 сынып оқушыларынан құралған бір топ команда қатысты. Нәтижесінде Букенова Ақбота кеуде жерден көтеруден 2 орын, Салахадин Ақжол балтемірге тартылудан 1 орын, Кәрімов Бақыт қашықтыққа граната лақтырудан 1 орынды жеңіп алды. Бұл мектеп оқушыларын әскери патриоттыққа даярлаудың бірден бір жолы. Алғашқы әскери дайындық пәнінің мұғалімі Ленар Нұрмаков.
https://shbaimuhanov-atyrau.edugov.kz/kz/zha-aly-tar/140-1232131.html#sigFreeIde32232aa4d













