Шадыман шаттығын жетелеп көктем де келді.

Алла нәсіп етіп, тағы бір Амал айымен, тағы бір Көктеммен, алыс-жақындағы ағайынмен қауышуға жазды. Жылда асыға күтетін Ұлыстың Ұлы күні — жайма шуақ Наурыз биыл да табалдырығымыздан аттады. Ежелден келе жатқан көктем мезгілінде тойланатын бұл мереке ырыстың, береке мен молшылықтың, бірліктің, бейбітшілік пен көктемгі жаңғырудың мерекесі, ол әрбір қазақстандық үшін қымбат. Қоғамда бейбітшілікті, келісімді, достықты нығайтуда оның атқарар рөлі ерекше. 

 

Муса Баймұханов атындағы орта мектепте, Мектеп Әкімшілігінің ұйымдастыруымен "Қош келдің әз Наурыз" атты мерекелік шара өтті. Шараны мектеп директоры Ақбатша Жолмұханқызы ашып, ұжымды мерекемен құттықтап,алғыс білдірді.«Төрлет, Ұлыстың Ұлы күні» атты театрландырылған мәдени шара ұсынылды. Жалпы айтқанда, тек бұл көріністер қана емес, мерекелік шаралардың барлығынан да шығармашылық ұжымның ізденісі, яғни, атаулы мерекені нағыз халықтық мейрамға айналдыруға ұмтылған талпыныстары байқалды. Наурыз-көктем әрқайсысымыздың отбасымызға жаңа сенім, қуаныш пен бақыт әкеліп, халқымызды татулыққа, ағайыншылыққа, ұлттық бірлікке шақырады. Осынау ізгілік пен жақсылықтың мейрамы саналатын Ұлыстың ұлы күнінде жаңа қадамдарымыз жемісті, істеріміз игілікті, мақсаттарымыз ортақ