М.Баймұханов атындағы орта мектебінде ағымдағы жылдың 27-31 қаңтар аралығында жаратылыстану пәндерінің апталығы деп жарияланды. 28 қаңтар күні химия пәні мұғалімі Сисекешова Асылайдың ұйымдастыруымен 7 турдан құралған кеш сайыс түрінде өте тартымды өтті. Бүл сайыста сынға түскен 7-10 сынып оқушыларынан құралған 4 топ өз білімдерін ортаға салып, қызықты зертханалық тәжірибелер көрсетті. Сайыс соңында әр топ химиялық тілде жаныңды жадыратар тілек білдіріп, отырған қонақтар мен қарсыластарын шабыттандырып тастады. Нәтижесінде "Алмаз" тобы І орын, "Жас химик" тобы ІІ орын, "Молекула" тобы және "Алтын" тобы жүлделі ІІІ орынмен марапатталды.
https://shbaimuhanov-atyrau.edugov.kz/kz/zha-aly-tar/203-sisekeshova-asylajdy-jymdastyruymen-7-turdan-ral-an-kesh-sajys-t-rinde-te-tartymdy-tti.html#sigFreeId17621789fc













