М.Баймұханов атындағы орта мектеп кітапханашыларының ұйымдастыруымен, А.Құнанбаевтың 175 жылдығына орай, "Абай - дана, Абай - дара" атты әдеби кеш болып өтті.

Әдеби кештің мақсаты: Абай шығармашылығын ата мұрамыз ретінде қабылдап, жаңа буын жас ұрпаққа танытып, тере меңгерту.
Әдеби кеш 5 бөлімнен тұрды.
1. Абай туралы
2. Абай өлеңдері
3. Абай аудармалары
4.Абайдың қара сөздері
5. Абайдың әндері
Оқушылар, өз кезегінде Абай өлеңдерін, аудармаларын, қара сөздерін, әндерін жатқа оқыды. 11 сынып оқушысы А.Жылқыбаев Абайдың "Ескендір" поэмасынан үзінді оқыса, 9 сынып оқушысы К.Есназар Абайдың "Көзімнің қарасы" әнін қобыз аспабымен орындады. 4 сынып оқушылары: А.Асқар, С.Азаматұлы, Б.Мұрат Абайдың қара сөздерін жатқа оқыса, 6 сынып оқушылары: С.Каримов, А.Балтабай, Н.Нұрлыбекұлы, А.Алпысбаев "Он жетінші" қара сөзінен көрініс қойды. Сонымен қатар, 8 сынып оқушысы Ш.Есмырза Абай атамызға "Абай атаға арнау" тақырыбымен өз туындысын арнады. "Ұлылардың ұлысы- Абай" атты кітап көрмесі шығарылып таныстырылды.
Шара соңында оқушылар "Алғыс хатпен" марапатталды.

 

 

М.Баймұханов атындағы орта мектепте 3 мен 12 ші ақпан аралығында өзін-өзі тану пәнінен апталық өтуде.«Ойнайық та ойлайық»атты 3-4 ші сынып оқушылары мен ұстаздары арасында тәрбиелік іс шара өтті.Мақсаты: балалардың ойлау қабілетін арттыру.