Ағымдағы жылдың 4 ақпан күні М.Баймұханов атындағы орта мектебінде еліміздің мүддесін ойлайтын, экономикалық бәсекелестікке қабілетті тұлғаны өзін-өзі басқарту арқылы , қалыптастыру мақсатында мектеп оқушыларының өзін-өзі басқару ұйымының президентін сайлауы өтті.
Сайлау кезінде мектеп президентіне үміткерлер 11 сынып оқушылары : Нұрбергенов Сәт, Болат Диас, Ғазиз Мирас, Бушумов Сұлтануайіс өздерінің сайлау алдындағы бағдардарламасымен таныстырды. Әр үміткердің батылдықтарын атап өтуге болады : өз көзқарасын ашық білдіру, пікірін қорғау үшін дәлелдерді келтіру және көшбасшылық қасиеттерін көрсету мүмкіндігіне ие болды.
Есеп комиссиясының шешімі бойынша ең көп дауыс санын жинаған 11 «Ә» сынып оқушысы Бушумов Сұлтануайіс ең жоғары ұпай жинап, 2019-2020 жылының мектеп президенті болып сайланды .
Саптық жиында мектеп оқушыларының өзін-өзі басқару ұйымының президентін ұлықтау рәсімі өтті. Мектеп директоры Сұлтануайісті жаңа президенттік қызметке тағайындалуымен құттықтап, оған толағай табыстар тіледі.
https://shbaimuhanov-atyrau.edugov.kz/kz/zha-aly-tar/215-mektep-o-ushylaryny-zin-zi-bas-aru-jymyny-prezidentin-sajlauy-tti.html#sigFreeIdde95041574













